Қазақстан импортының ең ірі үлесі Ресейге тиесілі — БАҚ

204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/99crbA5arsDgFjRFNWFbPSb2DBJKGIQcK2k74Se8.jpg

Фото: ЖИ

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Ресей Қазақстанның ең ірі импорттаушы серіктесі болды, деп хабарлайды "Адырна". 

Оның үлесіне еліміздің жалпы импорт көлемінің 31 пайызы тиесілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 16 қарашада жариялаған мәліметтерінде көрсетілген.

Импорт көлемі бойынша екінші орында Қытай тұр. Көрші елдің үлесі 30,3 пайызды құраған. Ал Германияның үлесі – 4,6 пайыз.

Ал қазақстандық экспорттың негізгі бағыты – Қытай. Есепті кезеңде еліміздің экспорттық жеткізілімдерінің 17,9 пайызы осы елге тиесілі болды. Италия 17,6 пайызбен екінші, Ресей 8,5 пайызбен үшінші орынға жайғасты.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі саналады. Оның үлесіне Қазақстанның одақ елдерімен жалпы тауар айналымының 87,3 пайызы тиесілі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,8 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғары.

Осы кезеңде экспорт көлемі 18,1 пайызға өсіп, 68,4 млрд долларды құраса, импорт 4 пайызға артып, 48,4 млрд долларға жеткен.

Комментарии