Прагада жүздеген мың адам БАҚ еркіндігін қорғап, митингіге шықты

270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CaZOn8lqzxbme5TP2i08SXTZv2zW8tPpRHENnFRJ.webp

Сурет: EPA

15 қараша күні Прагада жүздеген мың адам қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыру жүйесін реформалау жоспарына қарсы митингіге шықты. Шара 1989 жылғы «Барқыт революциясы» кезінде де жаппай наразылықтар өткен Летна саябағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Акцияны ұйымдастырған «Демократия үшін миллион сәт» қозғалысының мәліметінше, митингке шамамен 400 мың адам қатысқан. Бұл – Чехияның жаңа тарихындағы ең ірі наразылық акциясы.

Қазіргі уақытта Чехияның қоғамдық радио және телеарналары жеке тұлғалардан, үй шаруашылықтары мен компаниялардан тұрақты түрде жиналатын алымдар есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл жүйені жойып, оларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды көздеп отыр. Алайда жаңа жүйе бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қазіргімен салыстырғанда шамамен 15 пайызға аз қаржы алады. Бұл өз кезегінде қызметкерлер санын қысқартуға, контент өндіру көлемін шектеуге және кейбір бағдарламалардың жабылуына әкелуі мүмкін.

Реформаға қарсылардың пікірінше, бұл өзгеріс үш партиядан тұратын коалицияға бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнатуға мүмкіндік береді. Олар мұндай жағдай бұған дейін премьер-министр Роберт Фицо тұсында Словакияда және бұрынғы премьер-министр Виктор Орбан билік еткен кезеңде Венгрияда болғанын алға тартады.

Қоғамдық наразылықтарға қарамастан, Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш реформаны жүзеге асыру жоспарын жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл өзгерістер бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне әсер етеді деген пікірді жоққа шығарды.

Комментарии