Жыл басынан бері елімізде қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталған. Бұл туралы бүгін, 16 қарашада ІІМ айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Министрлік мәліметінше, олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаны құраған.
«Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл (386), Түркістан (119) және Қостанай (80) облыстарында тіркелді. Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Көліктерден заңсыз орнатылған бактар алынып тасталды»,– делінген хабарламада.
Новости по теме
