Ұлытауда «Кітаптан экранға: шығарма мен фильм» атты кино талқылау өтті

53
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BznjCP4fOSzR8f3pRMSvAV20ijboFIfUPDtgZsSD.jpg

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылыпжатқан «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасы аясында мемлекеттікқызметшілер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға және көркем әдебиетті кеңінен насихаттауға бағытталған «Кітаптан экранға: шығарма мен фильм» атты кино талқылау ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі мақсаты – қоғамдакітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандық белсенділікті арттыру және әдебишығармаларға деген қызығушылықты кеңейту міндеттерін жүзеге асыруғабағытталған бастамалардың бірі болып табылады.

Іс-шара аясында қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларыныңбірі – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын жәнеоның экрандық нұсқасын салыстыра талқылады. Алдымен шығарма желісібойынша түсірілген сериалдың алғашқы бөлімі көрсетіліп, одан кейінқатысушылар кітап пен экрандық нұсқаның мазмұндық ерекшеліктері, кейіпкерлербейнесі мен авторлық идеяның берілуі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Киноталқылауға өңірдің 200-ге жуық мемлекеттік қызметшісі мен «Кітапоқитын ұлт» марафонының өңірлік штабының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту жәнеархив ісі басқармасы басшысының орынбасары Өтегенов Жұмажан Әбдімажитұлыжәне «Кітап оқитын ұлт» марафонының өңірлік жобалық кеңсесінің төрағасыАбжанов Серік Сайлаубекұлы сөз сөйлеп, кітап оқудың қоғамдағы маңызына, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық дамуынақосатын үлесіне тоқталды.

Сонымен қатар, марафон аясында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитынмемлекеттік қызметші» бағытының міндеттері мен алдағы жоспарларытаныстырылды. Аталған бағытқа жауапты «Кітап оқитын ұлт» марафоныныңҰлытау облыстық кеңсесінің мүшесі Нұрмағамбетов Рахат Бөлегенұлыкиноталқылау іс-шарасының ұйымдастырылуына жетекшілік етіп, оны өткізужұмыстарын үйлестірді.

Кездесу барысында қатысушылар кітап пен оның экрандық нұсқасынсалыстыра отырып, әдеби шығарманы тереңірек түсінудің, оқырмандық көзқарастықалыптастырудың және рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атапөтті.

Сондай-ақ, іс-шараның өтуіне қолдау көрсетіп, фильмді тамашалауғамүмкіндік жасағаны үшін Жезқазған қаласындағы Kinoplexx кинотеатрыныңұжымына ерекше алғыс білдіреміз. Кино өнері арқылы кітап оқуға дегенқызығушылықты арттыруға, көркем әдебиетті насихаттауға және рухани-мәдениқұндылықтарды дәріптеуге қосып отырған үлестері үшін ризашылығымыздыбілдіреміз.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылатын мұндай бастамалармемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттырып, қоғамда кітап оқумәдениетін қалыптастыруға және оны күнделікті өмірдің ажырамас бөлігінеайналдыруға ықпал етеді.

Комментарии