Қытай пәкістандық ғарышкерді орбитаға ұшырады

121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/acnRfUvjnl6P0iOj8W1Ok4rxrsYraDVL6eAYQw0x.jpg

Фото: ашық дереккөзден

Пәкістан азаматы Қытайдың «Тяньгун» орбиталық станциясына баратын алғашқы шетелдік ғарышкер атанбақ. Ол «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесінің экипажы құрамында орбитаға ұшады, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы Қытайдың басқарылатын ғарыштық ұшулар бағдарламасы басқармасы ақпарат таратты.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл миссия Қытайдың адам қатысатын ғарыш бағдарламасы тарихындағы алғашқы халықаралық бірлескен ұшу болмақ. Яғни экипаж құрамында қытайлық тайконавтармен бірге шетелдік ғарышкер де болады.

Орбитада қысқа уақыт болғаннан кейін пәкістандық ғарышкер қытайлық әріптестерімен бірге «Шэньчжоу-23» ғарыш кемесімен Жерге оралады.

Комментарии