COVID-19 вирусының жаңа нұсқасы тарала ма?

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/covid-19-4982910_1280-750x500-1.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының PJ.2.1 деп аталатын жаңа нұсқасының таралуын жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды “Адырна”.

РИА агенттігінің хабарлауынша, PJ.2.1 нұсқасының таралу үлесі АҚШ пен Канадада артып келеді. Еуропа елдерінде де вирустың осы түрін жұқтырудың жекелеген жағдайлары тіркелген. Алайда әзірге олардың саны аз.

ДДҰ өкілдері вирустың таралу қарқыны әр елде әртүрлі екенін атап өтті. Сонымен қатар PJ.2.1 нұсқасының көбеюі SARS-CoV-2 вирусының жалпы белсенділігінің тұрақты өсуіне әкелмеген.

Айта кетейік, неміс ғалымдары қазан айының басында коронавирусының PJ.2.1 нұсқасына қатысты зерттеу жариялаған. Жаңа нұсқа алғаш рет 2026 жылдың мамырында Канадада анықталған. Кейін АҚШ пен Испанияда да тіркелген.

Зерттеу деректеріне сәйкес, бұл нұсқа 60 жастан асқан адамдар арасында жиірек кездеседі. Мамандар халықаралық сапарларға байланысты вирустың өзге елдерге таралу қаупі сақталып отырғанын ескертеді.

Комментарии