Ақ үй маңында президентті өлтіремін деп қорқытқан ер адам ұсталды

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gJXB3ChQR2VdL28VeT6dr0Cdqdr1AExrkVfZUt8h.jpg

АҚШ құпия қызметінің қызметкерлері Ақ үй маңында президент Дональд Трампты өлтіремін деп қорқытқан Венесуэла азаматын ұстады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Report дерегінше, күдікті АҚШ аумағында заңсыз жүрген.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, оқиға 5 қараша күні кешке Вашингтондағы Конституция даңғылында болған. Құпия қызмет өкілдері көлікте отырған ер адамның күмәнді әрекетін байқап, тексеруге жақындаған.

Осы кезде ер адам Вашингтонға келіп, АҚШ президентін өлтіруді ойлаған. Көлікті тінту барысында құқық қорғау органдары атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтаған.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті Ронни Йордрикс Гуанипа Кринос 2024 жылдың наурызында Техас штаты арқылы АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен. Кейін оны шекара қызметі ұстаған.

Күдікті қолға түскеннен кейін АҚШ иммиграция және кедендік бақылау қызметі оны қамауда ұстау туралы өтініш жолдаған. Қазір ол АҚШ сот приставтары қызметінің бақылауында.

Айта кетейік, биыл сәуірде де Дональд Трампқа қастандық жасау әрекеті болған.

Комментарии