ТМҰ-ға кіру. Кремль Тоқаевтың ұсынысына жауап берді

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/za1wP44VEY10JDSZiw70wLws5xVAlF2lSF3lGLFh.webp

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) құрамына қосу туралы ұсынысына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бізде халқы тарихи шығу тегі жағынан түркілерге жататын бірқатар өңір бар. Сондықтан мұндай қадам әбден түсінікті әрі орынды болар еді», – деді ол.

Ресейде түркі халықтарының басым бөлігі Татарстан, Башқұртстан, Чувашия және Якутия (Саха) республикаларында тұрады. Бұл өңірлерде татар, башқұрт, чуваш және якут халықтары басым.

Еске салайық, 30 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуды немесе ұйым жанынан бақылаушы мәртебесін алуды ұсынған болатын. Мемлекет басшысының пікірінше, Ресейдің ұйым құрамына енуі ТМҰ үшін де, Мәскеу үшін де тиімді болмақ.

Комментарии