Арагчи Ашхабадқа барды

269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vva0HFYacsiom7IAp7cFydKBl4sHNUBsT9nhbnE8.png

Бүгін, 2 қарашада Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Ашхабадқа барды. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі  жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бір күндік сапар барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды, өңірлік және халықаралық мәселелерді, сондай-ақ Иран мен Түркіменстан арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыламақ.

26 қазанда Аббас Арагчи Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлескен еді. Әңгіме барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқан. Сондай-ақ аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дипломатиялық консультациялардың маңыздылығын атап өткен.

Бұған дейін, 28 қазанда Түкіменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Гурбанов Ашхабадта Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Хамид Ганбаримен кездескен. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырған.

Комментарии