Үсік пен өрт қаупі күшейеді. 12 өңірде дауылды ескерту жарияланды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XHNq8Vdd74huHkNcwZQXVPgfnzqhgEcoZKYlxBmR.jpg

1 қарашада Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар аймақта үсік, тұман, көктайғақ пен қар жаууы ықтимал. Сонымен қатар еліміздің кей өңірлерінде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Алматы облысында түнде ауа температурасы 1–6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжануда. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары болады. Алматы қаласында да осындай қауіп сақталады. Қонаевта түнде 1–3 градус үсік күтіліп, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Жетісу облысында түнде және таңертең өңірдің шығысы мен таулы аудандарында тұман түседі. Облыс бойынша түнгі ауа температурасы 3–8 градус аязға дейін төмендейді. Шығыста өрт қаупі төтенше деңгейге жетсе, оңтүстік, батыс және орталық аудандарда жоғары деңгейде сақталады. Талдықорғанда түнде 6–8 градус үсік күтіледі. Қалада өрт қаупі де жоғары болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Өңірдің солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысында, соның ішінде облыс орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Петропавлда да осы уақытта тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ таулы аудандарында түнде және таңертең аздаған қар жауып, тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарда өрт қаупі жоғары болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Ұлытау облысының батысы мен орталығында өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді. Мұндай қауіп Жезқазған қаласында да күтіледі.

Маңғыстау облысында өрт қаупі жоғары болса, өңірдің орталық бөлігінде төтенше деңгейде сақталады. Ақтау қаласында да өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 3 градус үсік жүреді деп болжануда. Өңір бойынша өрт қаупі төтенше деңгейде, ал солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Комментарии