Бұрынғы әкім ұсталды деген ақпарат тарады

292
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dyXURkkt2rKEvPa09aEKcSkCbRvxkywiEy8lqzzL.jpg

Ақтауда Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейт Қайнарбаев пен самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекеновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл іске қатысты түсініктеме берді.

Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметінше, аталған тұлғалар адам ұрлау дерегі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін. Іс алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам ұрлау дерегі бойынша қарастырылып жатқаны айтылған.

Арна таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақтауда болған оқиғадан кейін сегіз адамды ҰҚК-нің жергілікті департаменті қызметкерлері ұстаған. Алайда бұл мәліметтерге қатысты ресми органдар толық ақпарат жариялаған жоқ.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді ҰҚК.

Комментарии