Испаниядағы теміржол апаты. Қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады

260
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mrTSMBG2cjLrEckxyV7vuqFSHZgrbqSDyoyi68KK.jpg

Испанияның Толедо провинциясында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны кемінде 68-ге жетті. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Апат 28 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:54-те болған.

El Español басылымының мәліметінше, мемлекеттік Renfe компаниясына тиесілі AVE жүрдек пойызы Iryo компаниясының теміржолда тоқтап тұрған құрамының соңғы вагонына соғылған. Соқтығыс салдарынан Iryo пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен.

Екі пойызда барлығы 544 жолаушы болған.

Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр. Құтқарушылар үйінділердің астында қалып қоюы мүмкін адамдарды іздестіруде.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін айтқан еді.

Комментарии