Испанияда екі жүрдек пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 50 адам қаза тауып, тағы 179 адам жарақат алды. Бұл туралы Antena 3 және ABC басылымдары жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Апат 28 қазан күні таңертең Мадридтен оңтүстікке қарай орналасқан Лос-Ебенес пен Урда муниципалитеттерінің арасында болған. Оқиға ел астанасы мен Севильяны байланыстыратын негізгі теміржол желісінің учаскесінде тіркелген. Бұл бағытта пойыздар сағатына 300–350 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Renfe компаниясының пойызы жолда тоқтап тұрған Iryo компаниясының пойызымен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Iryo пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен. Екі пойызда барлығы 540-тан астам жолаушы болған.
Испанияның теміржол желісінің операторы Adif Мадрид – Андалусия жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі пойыз қозғалысы екі бағытта да уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Испанияның теміржол машинистері кәсіподағы Semaf теміржолдағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауына наразылық білдіріп, ереуіл жариялады. Ереуіл бейсенбіге жоспарланған және 24 сағатқа созылмақ.
Бұл — Испанияда биыл болған кемінде үшінші теміржол оқиғасы. 18 қаңтарда елдің оңтүстігінде екі пойыз соқтығысып, 39 адам қаза тапқан, тағы ондаған адам жарақат алған болатын. Ал 21 қаңтарда Барселонадан шамамен 50 шақырым қашықтықта тағы бір пойыз рельстен шығып кеткен. Салдарынан бір адам қаза тауып, 37 адам жарақат алған.
Мобилизованные россияне: — Не кормят, не одевают, не предоставляют крыши над головой. Отношение командиров скотское
