Испандық Нобель. Месси халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды

73
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7vpGfXhDZkGyqBgfBGQFbLGJdZ35FgrqnbLm6BgU.webp

Аргентинаның ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының капитаны Лионель Месси марапатталды, деп хабарлайды “Адырна”.

Оо 2026 жылы спорт саласындағы Принцесса Астурия атындағы сыйлыққа ие болды. 

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегеріне марапат Испанияның Овьедо қаласында өткен салтанатты рәсімде табысталды.

Марапат Мессидің спорттағы жетістіктерімен қатар, қайырымдылық қызметін де бағалаған. Атап айтқанда, футболшының өз қоры арқылы жүзеге асырып жүрген әлеуметтік жобалары мен ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі ретіндегі қызметі атап өтілді.

Принцесса Астурия атындағы сыйлық — Испанияда жыл сайын ғылым, мәдениет, спорт және гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен тұлғалар мен ұйымдарға табысталатын халықаралық марапат. Оны кейде «испандық Нобель сыйлығы» деп те атайды.

Комментарии