Әлемдік мұнай бағасы өсті

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4OMmmp3DIeeMQlsXnxBi1s2HRlbVG8tpbYteoK3p.webp

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алайда Urals маркалы мұнай арзандаған.

Oilprice.com мәліметінше, 22 қазанда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 110,50 долларға дейін қымбаттаған. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,68 долларға немесе 1,54%-ға жоғары.

Сондай-ақ WTI маркалы мұнайдың бағасы 1,30%-ға өсіп, барреліне 98,41 долларды құрады.

Ал Urals маркалы мұнай керісінше арзандады. Оның бағасы 0,84 долларға немесе 0,80%-ға төмендеп, барреліне 104,76 доллар болды.

Мұнай бағасының өсуіне Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстың ушығуы және мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдердің күшеюі әсер етіп отыр.

Комментарии