Сыбайлас жемқорлық ісі. Бұрынғы министр тергеуге алынды

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8KsZGAV78fcEgzrtDUC3ihUKwb5sEp6Au4LStEC6.jpg

Фото: Жолт Сигетвари / MTI

Венгрияның құқық қорғау органдары бұрынғы экономика министрі әрі елдің Ұлттық банкінің экс-төрағасы Дьёрдь Матолчиді сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Венгрияның премьер-министрі Петер Мадьяр мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ол бұған дейін де Матолчиді жауапқа тарту қажеттігін бірнеше рет көтерген.

«Орталық тергеу прокуратурасы Венгрия Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы әрі Виктор Орбан үкіметінде министр болған Дьёрдь Матолчиді ұстады», – деп жазды Мадьяр Facebook парақшасында.

Бұған дейін Венгрияның бұқаралық ақпарат құралдарында Матолчидің сыбайлас жемқорлыққа қатысты болуы мүмкін екені туралы бірнеше рет ақпарат тараған. Атап айтқанда, елдің Ұлттық банкі заң талаптарын бұза отырып құрған арнайы қордың қаражатын мақсатсыз пайдалану деректері сөз болған.

Комментарии