Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіруі мүмкін

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MRxZ5b3RRtOARyOUAbsAvVcbI7w4rnCyk73AnA0Y.jpg

Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Президенттің айтуынша, жаңа кәсіпорын жылына 300 мың тонна катодты мыс өндіреді. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар зауытта алтын мен күкірт қышқылы да өндірілмек.

Мемлекет басшысы Қазақстанның минералдық-шикізат әлеуетін тиімді пайдалану ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Елімізде 9,5 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда жылына шамамен 160 миллион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тоннаға жуық мыс концентраты шығарылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынына да тоқталды. Былтыр саладағы жалпы өнім көлемі 60 миллиард долларға жеткен. Соңғы үш жылда еліміздің барлық өңірінде 540 индустриялық жоба іске қосылып, 50 мың тұрақты жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы кәсіпорын акционерлеріне жұмысшылардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Үкімет пен жергілікті билік өкілдеріне еңбек ұжымдарымен тығыз байланыс орнату қажеттігін ескертті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың China Nonferrous Metal Mining (CNMC) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдаған болатын. Кездесуде Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауытының құрылысы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамытуға және екі ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні айтылды.

Комментарии