Фото: Icehockey.kz
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқаншайбалы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".
Құрлықтық додада отандық спортшылар үш кездесу өткізді. Алғашқы ойында алаң иелері Жапония құрамасына 0:4 есебімен жол берсе, екінші матчта Қытай хоккейшілерінен 1:2 есебімен жеңіліс тапты.
Ал турнирдің соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен күш сынасып, қарсыласын 5:1 есебіменсенімді түрде ұтты. Осы жеңістің нәтижесінде қазақстандық хоккейшілер турнир кестесінде үшінші орынғажайғасып, Азия чемпионатының қола медалін иеленді.
Чемпиондық атақ үшін Жапония мен Қытай құрамалары өзара бақ сынайды.
Новости по теме
Эпидемиологическая ситуация в Акмолинской области за 8 месяцев текущего года относительно стабильная
