Рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасына күдікпен ұсталды

195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cUNKdaCGusSh37B62IFE92uQL3o1FWzn2ml9CGl2.jpg

Қазақстанда ұсталған ресейлік рэпер Navai екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«13 қазанда «Қордай» шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, сахналық лақап аты NAVAI ретінде белгілі шетелдік азаматты ұстады. Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді»,– делінген хабарламада.

ПД мәліметінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің есірткі заттарының контрабандасы мен оларды заңсыз сақтауға қатысты екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Күдіктіге қатысты сот шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген хабарламада.

Комментарии