Мәслихаттар мәселесі. Президент премьермен және Құрылтай төрағасымен кеңесті

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9gccOBpYouixbnkUPzXARz2ZjILjfm8w5p50OQfS.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектенов және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді. Бұл туралы бүгін, 12 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті.

Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялар барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.

Комментарии