Ақордадан — Әзербайжанға. Қыранның қанат қағысы

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JzmcmG1lPQ7h2HSTx8msjgXX2PtV2EuC4PluZA6S.jpg

Кәсіпкер әрі мобилограф Қыран Талапбек «Адырна» порталының YouTube арнасына сұхбат беріп, Әзербайжандағы жұмысы, мобилография саласы, жеке жобалары және қазақ жастарының мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Сұхбат барысында мобилограф шетелге кетуінің себептеріне тоқталып, Әзербайжандағы Sea Breeze жобасы, Эмин Агаларовпен жұмысы және командасы жайлы әңгімеледі. Оның айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау өңірінің туристік әлеуеті жоғары.

Қыран Талапбек Қазақстанда да жұмыс істеуге мүмкіндік бар екенін атап өтіп, елде мобилография академиясын дамыту жоспары бар екенін айтты. Ол Kyran Films академиясының жұмысына тоқталып, жастарға білім берудің маңызын атап өтті.

Мобилограф Президенттің медиа-командасында жұмыс істеген кезеңін де еске алды. Сонымен қатар Моңғолия, Әзербайжан және Өзбекстан президенттерімен байланысты жобалары мен халықаралық деңгейдегі тәжірибесі туралы бөлісті.

Сұхбатта мобилографияны меңгерген шәкірттердің жетістіктері, кәсіпкерлермен жұмыс, КАНН фестиваліне барған команда мүшелері және контент өндірісінің болашағы сөз болды.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Адырна» порталының YouTube арнасынан көруге болады.

Комментарии