Мicrosoft Windows неге Қазақстанға тек Ресей тілін орнатуды жөн көреді?

210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hlWMfyXMNfxY0RV7Au2hveckZ3rv0OjRhGicciwa.avif

Тіл саясаты комитеті, Lenovo ресми өкілі, Алматы қала әкімдігі мен Медеу ауданы әкімдігі қатысуымен тыңдалым өткізілді. 

ПРОБЛЕМА:

Қазақстанға ресми кіргізіліп сатылатын Lenovo ноутбуктарындаға Windows бағдарламасы тек ресей (орыс) тілінде орнатылған екен. 
Өткен айда студент болған Қызыма ноутбук алып едім, Қазақ тілін, ағылшын тілін де таңдау мүмкіндігін өшіріп тастаған екен. Осы мәселемен 1 ай айналысып жатырмын. 

Тыңдалым барысында Қазақстанға кіріп жатқан басқа да фирмалардың ноутбуктарында Windows Single Language деп тек ресей (орыс) тілі орнатылатындығы анықталып отыр. 

Lenovo өкілінің айтуынша осы мәселеге шағымданған адам жоқ екен.  

Бір тіл болса, неге жалғыз Мемлекеттік Қазақ тілі орнатылмағандығы масқара емес пе?!  

ШЕШІМ:

Microsoft өкілдігіне Тіл саясаты комитеті тарапынан тиісті хат бағытталатын болды. 

Мемлекеттік тілді қолдамайтын бағдарламасы бар өнімге бөгет қою жөнінде ресми хат жолдану қажеттігі туралы менің ұсынысым бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдарға Тіл саясаты комитеті тарапынан қолдау тауып отыр.

Жұмыс өз жалғасын табады.

Жандос Өстемір

Комментарии