214 жоба жүзеге асырылып, әлеуметтік бастамаларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. Мұқтаж жандарға 1 400-ден аса баспанатабысталды. Білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, спортты дамытуға, орман алқаптарын қалпына келтіруге және ел басына күн туған сәттерде көмек көрсетуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды.
Halyk қайырымдылық қоры ауқымды нәтижелерін айтып, он жылдық белесін қорытындылады.
Мерейтой кеші Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Оған қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қордың көп жылдан бергі серіктестері, еріктілер және әр жылдары қор қолдауына ие болған азаматтар қатысты.

Он жылдық мерейтой ұйым тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына да жол ашты. Динара Құлыбаеваның бастамасымен қор оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың есімімен аталды.
Динара Құлыбаева бұл шешімді түсіндіре отырып,Тимур Құлыбаевтың қайырымдылықты дамытуға және оның жүйелі тәсілін қалыптастыруға қосқан жеке әрі стратегиялық үлесін атап өтті.
«Қайырымдылықты жүрек қалауымен жасап, елге қолдау көрсетудің жарқын үлгісін жолдасым Тимур Асқарұлы Құлыбаевтан көріп келемін. Ол үшін адамдарға көмек беру – азаматтық ұстаным әрі қоғам алдындағы жауапкершілік», – деді Динара Құлыбаева.

Оның айтуынша, осы жылдар ішінде Тимур Құлыбаев қордың стратегиялық мақсаттарын айқындауға және қайырымдылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыруға атсалысты. Бұған байланысты ол қорды Тимур Құлыбаевтың есімімен атауды ұсынған. Бұл – оның жеке еңбегіне көрсетілген құрмет әрі қор қызметінің негізіне айналған құндылықтардың сабақтастығын білдіретін белгі.
Сонымен қатар, жаңа атауда Halyk бренді сақталды. Бұл атау жүйелі қайырымдылық пен әлеуметтік бастамалардың көп жылғы тарихымен тығыз байланысты. Қор өз қызметін «Тимур Құлыбаев атындағы Halyk қайырымдылық қоры» атауымен жалғастырады.
Білім беруден жүйелі қайырымдылыққа дейінгі жол
Бұл бағыттағы жұмыстың тарихы Halyk қоры құрылғанға дейін басталған.
1998 жылы Динара Құлыбаева NNEF білім беру қорын құрды. Қордың негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе мен қазақстандық мазмұнды ұштастыратын жаңа білім беру моделін дамыту болды.
Кейінгі жылдары тұтас білім беру экожүйесі қалыптасты. Қордың қолдауымен «Мирас» халықаралық мектептері мен балабақшалары ашылып, «Арыстан» лицейі әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, ҚБТУ, ХАТУ, AITU, АЭжБУ және UIB жоғары оқу орындары дамытылды. Білім беру экожүйесін қолдауға 260 млн АҚШ долларынан аса қаржы салынды.
2016 жылы әлеуметтік жауапкершілік пен меценаттық қызметтің аясын кеңейту мақсатында Halyk қайырымдылық қоры құрылды.
Осылайша білімге салынған инвестициядан бастау алған жұмыс білім беру, денсаулық сақтау, спорт, экология, әлеуметтік қолдау және өңірлерді дамыту бағыттарын қамтитын жүйелі қайырымдылық үлгісіне ұласты.
Ел басына күн туған сәттердегі көмек
Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі – төтенше жағдай кезінде адамдар мен өңірлерге қолдау көрсету.
Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккен 1 000 отбасы баспаналы болды. Оларға үй алып беруге құрылтайшылар қор арқылы 31,4 миллиард теңгеден асақаржы бағыттады. Арыс қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін қор И. Журба атындағы балабақша мен мектепті қалпына келтірді. Пандемия кезінде қазақстандықтарға 2,5 миллиард теңгеден аса қаржыға 110 мың азық-түлік себеті таратылды. Ал медициналық ұйымдарға көрсетілген көмектің көлемі 4 миллиард теңгеден асты.
Қор ел өңірлерінде тұрғын үй салу, әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту секілді ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды да жүзеге асырып келеді.

Ұзақ мерзімді жобалар
Қор жұмысының елеулі бөлігі – жүйелі нәтижеге бағытталған және ұзақ мерзімге есептелген бағдарламалар.
AUYL SPORT жобасы ауылдық жерлердегі балалардың спортпен айналысып, спорттың сегіз түрінен облыстық және республикалық жарыстарға қатысуына мүмкіндік береді.
«Тәлімгер» жобасы оқушылар мен студенттерге кәсіпкерлік, бизнес және қаржылай сауаттылық бағытында білім алуға көмектеседі.
«Halyk Орманы» экологиялық жобасы Қазақстанның түрлі өңірлерінде 9 млн-нан астам ағаш отырғызуды көздейді.
Жеке бағыттың бірі – білім беру гранттары. Қор алғашқы он жыл ішінде дарынды балаларды қолдауға 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Оның ішінде Алматы мен Астанадағы «Мирас» мектептерінің халықаралық бағдарламалары бойынша білім алуға мүмкіндік беретін гранттар да бар.
Қайырымдылық – ортақ іске атсалысу мәдениеті
Он жыл ішінде қор айналасына серіктестерді, еріктілерді және өзгеге қолдау көрсетуді саналы түрде өмірлік ұстанымына айналдырған азаматтарды біріктірген орта қалыптасты.
Бүгінде «Halyk Орманы» жобасын қолдауға 25 мыңнан астам қазақстандық өз қаражатын бағыттап отыр.
«Осылайша қайырымдылықтың жаңа мәдениеті – сенімге, ортақ іске атсалысуға және қоғамның болашағына деген жеке жауапкершілікке негізделген мәдениет қалыптасады», – деп атап өтті Динара Құлыбаева.
Алдағы онжылдық
Қордың алғашқы он жылдығы жүйелі жұмыстың негізі қаланған кезең болды. Дағдарыс жағдайларында жедел көмек көрсетуден бастап, білім беру, әлеуметтік сала, спорт, экология және өңірлерді дамыту бағыттарында ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған жобалар жүзеге асырылды.
2026 жылы қор құндылықтар сабақтастығын, қалыптасқан командасын және қайырымдылыққа деген жүйелі көзқарасын сақтай отырып, жаңа атаумен – Тимур Құлыбаев атындағы Halyk қайырымдылық қоры ретінде келесі онжылдығына қадам басады.
Қор ұзақ мерзімді өзгерістерге жол ашып, адамдарға жаңа мүмкіндіктер ұсынатын жобаларды одан әрі дамытуды жалғастырады. Сондай-ақ, жауапты әрі жүйелі қайырымдылық мәдениетін қолдайтын барлық азамат пен ұйыммен серіктестік орнатуға ашық.
Халықтың сенімі мен қолдауы
Қордың қызметі ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де жоғары бағаланды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Halyk-тің әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға, адами әлеуетті дамытуға, халықтың осал топтарын қолдауға және Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтті.
Halyk қорының әлеуметтік және экологиялық бастамалары БҰҰ құрылымдарымен әріптестік аясында да жалғасын тапты. Атап айтқанда, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі және БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) Halyk-пен экологиялық жауапкершілік бағытында бірлескен бастамаларды жүзеге асырды.
2024 жылы ауқымды су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көрсетілген көмек мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Апат аймағында қалған қазақстандықтарды қолдауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Құлыбаевқа жеке алғысын білдірді.
