Жол апатынан жасөспірім қаза тапты

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Жезқазғанда жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік қозғалыс бағытын өзгертіп, электр желісінің бағанына соғылған.

Жол апаты кезінде алған жарақатынан кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көліктегі тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Олардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Аталған факті бойынша Жезқазған қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары жол апатына себеп болған жағдайларды анықтап жатыр.

Тергеу барысы полиция басқармасының бақылауында.

Комментарии