Мерекеде премьердің үстіне шарап шашып кетті

110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XFo5FPq4KkQP8vLuoQ2PN9FrG9szMkEUuFtqzOlB.jpg

Фото: Peter Madyar/ facebook 

Венгрия премьер-министрі Петер Мадьярға Сексард қаласында өткен егін жинау фестивалі кезінде белгісіз ер адам ақ шарап шашып жіберді. Оқиға сәті видеоға түсіп, Мадьяр оны өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Премьер-министрдің айтуынша, шарап шашқан ер адам Виктор Орбанның жақтаушысы болуы мүмкін.

Мадьяр әлеуметтік желідегі жазбасында ер адамның оқиғаға дейін ішімдік ішкенін айтып, оның әрекетін сынға алды. Сондай-ақ ол ер адамның өзіне жақындап, бетпе-бет сөйлесуге батылы жетпегенін жазды.

Премьер-министр оқиға барысында сексардтық шараптың ысырап болғанына өкініш білдірді.

Комментарии