Дрондарға байланысты әуежай жұмысы тоқтады

72
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Vue8mzDXzQRsus824hpGI7jA5ZqW4HsPZP7zUfm7.webp

Люксембургтегі жалғыз халықаралық әуежай 18 қыркүйек кешке белгісіз дрондардың анықталуына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Шетелдік БАҚ дерегінше, дрон салдарынан рейстер кешіктіріліп, бірқатар ұшақтар көрші елдердегі әуежайларға бағытталды.

Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 22:00-де дрондар әуежай маңынан және оның аумағының үстінен байқалған. Қауіпсіздік шарасы ретінде әуежай әкімшілігі ұшу жұмыстарын уақытша тоқтатқан.

Шамамен бір жарым сағаттан кейін рейстер шектеулі режимде қайта басталды.

Дрондардың кімге тиесілі екені және оларды кім басқарғаны әзірге белгісіз. Люксембург үкіметі оқиғаға байланысты қауіпсіздік органдары мен әуе кеңістігін бақылауға жауапты қызметтердің қатысуымен шұғыл кеңес өткізді.

Комментарии