Өзбекстан Меккеге бағытталған дрон шабуылын қатаң айыптады

128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/c9xDQOLevcKzpXw72IvtgiatzjQ2odY5XJNB5xFu.jpg

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына бағытталған дрон шабуылын жасау әрекетін қатаң айыптады, деп хабарлайды "Адырна".

Ведомство Сауд Арабиясымен ынтымақтастық танытып, қасиетті орындарға, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға қауіп төндіретін кез келген әрекетке жол берілмейтінін мәлімдеді.

Өзбекстан СІМ барлық тараптарды барынша ұстамдылық танытуға шақырды. Сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтап, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қажеттігін атап өтті.

Министрлік өңірдегі шиеленісті төмендетуге және қақтығыстың одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған күш-жігерді қолдайтынын жеткізді.

Ведомствоның мәліметінше, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін тараптардың жауапкершілік танытуы маңызды.

 

Комментарии