Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZXE5eg8TYugs3j8cZQd2ua7qpxkQTCyWFbPXQifw.webp

Жезқазған қаласының әкімі болып Мұрат Бөрібаев тағайындалды. Бүгін, 17 қыркүйекте Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен облыс орталығының активіне жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Қайрат Шайжановтың қызметінен кеткенін жазған едік.

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы Қарсақбай кентінде дүниеге келген.  2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Металлургия қара және түсті металлдар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқып, «Мемлекеттік менеджмент» магистрі атанған.

Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусында үшінші разрядты флотатор болып бастаған.

2011–2012 жылдары осы фабрика жетекшілігінің әкімшілік бас корпусында іс жүргізуші болған. Сондай-ақ фабриканың бас корпусы бақылау цехында шебер болып жұмыс істеген. 2012–2013 жылдары бас корпус цехының бастығы қызметін атқарған.

2013–2014 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің «Шығыстүстімет» өндірістік бірлестігіндегі Орлов кеніші байыту фабрикасының бас инженері болған. 2014–2015 жылдары корпорацияның «ЖТМ» өндірістік бірлестігіне қарасты №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасының №2 бас корпусы цехын басқарған.

2015–2017 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің «ҚТМ» филиалындағы «Нұрқазған» байыту фабрикасының директоры болған. 2017–2024 жылдары «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігіне қарасты №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасын басқарған. 2024 жылы Сәтбаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.

Комментарии