«Алтын доп – 2026» сыйлығына үміткерлердің есімі жарияланды

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DPCeY4fcd7RW9d3549kmsNCejQdc8h5jlriiPTct.jpg
2026 жылы әлемдегі ең беделді футбол жүлдесі – «Алтын допты» табыстау рәсімі тарихта алғаш рет Лондонда өтеді. Салтанатты шара 26 қазанда «Палладиум» театрында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Алдағы марапаттау рәсімінің маңызы ерекше. Себебі 1956 жылы France Football журналы тағайындаған «Алтын доп» сыйлығы биыл өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Биыл «Алтын доп» төмендегідей аталымдар бойынша табысталады:
* Ерлер мен әйелдер арасындағы «Алтын доп»;
* Жылдың үздік жас футболшысы (ерлер мен әйелдер);
* Жылдың үздік қақпашысы (ерлер мен әйелдер);
* Жылдың үздік бапкері (ерлер мен әйелдер);
* Жылдың үздік клубы (ерлер мен әйелдер);
* Жылдың үздік шабуылшысы (ерлер мен әйелдер);
* Спортшылардың әлеуметтік және қайырымдылық бастамалары үшін берілетін Сократес сыйлығы.
Ерлер арасындағы басты жүлдеге 30 футболшы енді. Олар:
* «Реал Мадрид»: Джуд Беллингем, Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе;
* «Пари Сен-Жермен»: Витинья, Усман Дембеле, Хвича Кварацхелия, Маркиньос, Нуну Мендеш, Жоау Невеш, Виллиан Пачо, Фабиан Руис, Дайо Упамекано, Ашраф Хакими;
* «Барселона»: Пау Кубарси, Ламин Ямаль;
* «Арсенал»: Габриэл, Деклан Райс, Вильям Салиба;
* «Бавария»: Гарри Кейн, Луис Диас, Майкл Олисе;
* «Манчестер Сити»: Эрлинг Холанн, Родри;
* «Интер Майами»: Лионель Месси.
 Сондай-ақ тізімде Лаутаро Мартинес («Интер»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Садьо Мане («Аль-Наср»), Хулиан Киньонес («Аль-Кадсия»), Марк Кукурелья («Челси»/«Реал»), Ферран Торрес («Барселона»/«ПСЖ») бар.
Жылдың үздік жас футболшысы (ерлер):

Ламин Ямаль («Барселона»), Пау Кубарси («Барселона»), Уоррен Заир-Эмери («ПСЖ»), Ян Дьоманде («Лейпциг»/«Реал»), Керим Алайбегович («Зальцбург»/«Ювентус»), Айюб Буадди («Лилль»/«Ман Сити»), Леннарт Карль («Бавария»), Эли Жюньор Крупи («Борнмут»), Ибрахим Маза («Леверкузен»), Жоан Манзамби («Фрайбург»/«Астон Вилла»).

Жылдың үздік қақпашысы (ерлер):
Тибо Куртуа («Реал»), Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»/«Челси»), Давид Райя («Арсенал»), Яссин Буну («Аль-Хиляль»), Жоан Гарсия («Барселона»), Грегор Кобель («Боруссия Д»), Эдуар Менди («Аль-Ахли»), Матвей Сафонов («ПСЖ»), Унай Симон («Атлетик»), Возинья («Шавеш»/«Коло-Коло»).
Жылдың үздік бапкері (ерлер):
Микель Артета («Арсенал»), Луис де ла Фуэнте (Испания құрамасы), Луис Энрике («ПСЖ»), Унай Эмери («Астон Вилла»), Венсан Компани («Бавария»).

Жылдың үздік ерлер клубы:
«Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Буде-Глимт» (Норвегия), «Фламенго» (Бразилия).
2025 жылы бұл марапатты Франция құрамасы мен «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Усман Дембеле жеңіп алған еді. Ал Лионель Месси «Алтын доп» жүлдесін сегіз мәрте иеленген.
Комментарии