Таяу Шығыстағы шиеленіс. Иран Иордания аумағына соққы жасады

255
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RyQuqqxGTbAXqBTrrwGgYb9IxqU6YS34210tbdQw.webp

Иран әскері Иордания аумағына соққы жасап, өз мәлімдемесінде АҚШ әскери базалары нысанаға алынғанын айтты. Бұл туралы РБК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Иорданияның әуе қорғанысы жүйелері шабуылды тойтаруға әрекет еткен.

Алдымен Al Hadath арнасы X әлеуметтік желісінде елдің әуе қорғаныс күштері Әл-Азрак қаласы үстінде ұшқан ирандық зымырандарды қағып түсіріп жатқанын хабарлаған. Кейін Al Jazeera Ирбид қаласы маңында да зымырандардың атып түсірілгенін мәлімдеген.

Айта кетейік, оқиға АҚШ әскери кемесіне жасалған зымырандық шабуыл әрекетіне жауап ретінде 8 қыркүйекте Ормұз бұғазындағы Харг аралының маңында АҚШ-тың Иранның бірнеше танкеріне соққы беруінен кейін болған.

Сонымен қатар Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ-тың шабуылына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейндегі терминалдар маңындағы танкерлерге соққы беру қаупін ескерткен.

Комментарии