Трамп жаңа образымен жұртты таңғалдырды

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NAMYN2t8uqRkUXNv2NoHepB20vOgICVH3JBhLPO3.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп алтын түсті шашын өзгертіп, жаңа бейнесін көпшілікке көрсетті. Демалыс күндерін өткізу үшін Бедминстердегі гольф-клубына барған кезде оның жаңа келбеті жұрт назарына ілікті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап.

Көп жылдан бері алтын түсті шаш үлгісімен танылған Дональд Трамп бұл жолы жұрт алдына қоңыр түсті шашпен шықты. Оның шашы сарғылт реңкке боялғаны байқалды.

Америка президентінің сырт келбетіндегі бұл өзгеріс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Жазушы Энн Ламотт Трамптың жаңа образын ұнатқанын айтты.

«Өте жас көрінеді. Тіпті Пирс Броснанға қатты ұқсайды»,– деп пікір білдірді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары әзілдеп, Трамптың маусым ауысуына байланысты шаш үлгісін өзгертуге шешім қабылдағанын жазды.

«Жаз аяқталды, демек аққұбадан қараторы түске ауысатын табиғи уақыт келді»,–деді олар.

Келесі күні Дональд Трамп Fox News жүргізушісі Брет Байермен бірге гольф ойнады. Алайда бұл жолы президент шашын «Трамп барлық мәселеде дұрыс болды» деген жазуы бар бас киіммен жауып қойған.

Дональд Трамп өз имиджін сирек өзгертеді. Дегенмен, 2019 жылы ол Вирджиния штатындағы шіркеу қызметіне шашын артқа қайырып барған еді. Сол кезде оның шаш үлгісі Калифорния штатының демократ губернаторы Гэвин Ньюсомның стиліне ұқсатып бағаланған. Алайда бұл өзгеріс ұзаққа созылмады. Сол күні-ақ Трамп өзінің үйреншікті шаш үлгісіне қайта оралған.

Трамптың шаш үлгісі оның президент болғанына дейін-ақ қоғамда қызу талқыланатын тақырыптардың біріне айналған еді. Көп жылдар бойы оның шашына қатысты түрлі қауесеттер тарады. Біреулер оны парик киеді десе, енді біреулер кәсіпкердің шашын трансплантация арқылы қалпына келтіргенін айтқан. Бұл мәселе тіпті Трамптың алғашқы жұбайы Ивана Трамппен ажырасу процесіне қатысты материалдарда да көтерілген.

Комментарии