Иран үкіметі бензиннің үшінші тариф бойынша бағасын екі есеге көтерді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Енді оның бір литрі 50 мың емес, 100 мың риал тұрады. Қазақстан валютасымен 12115 теңге болады.
Жаңа тариф 8 қыркүйек күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.
Бұл ретте бензиннің алғашқы екі санаты бойынша баға өзгерген жоқ. Бірінші тариф бойынша жанармайдың бір литрі 15 мың риал болса, екінші тариф бойынша 30 мың риал көлемінде сақталды.
Бағаның өсуі жанармай картасындағы барлық белгіленген лимиттер таусылғаннан кейін қолданылатын үшінші тарифке қатысты. Бұған дейін осы санаттағы бензиннің литрі 50 мың риал болған.
Новости по теме
