Қазақстан құрамасы алыс қашықтыққа ат шабу — жорық жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен жарыста шабандоздар 300 шақырым қашықтықты төрт күнде еңсерді. Мәреге бірінші болып Қазақстан құрамасы жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
* 1-орын — Қазақстан;
* 2-орын — Қырғызстан;
* 3-орын — Қырғызстан.
Қазақстан құрамасы сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетіп, алтын медаль иеленді.
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы медальдық есебінде Қазақстан 27 алтын медальмен бірінші орында келеді.
Новости по теме
