Қырғызстандағы ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды

286
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AROSzLBRr8t8q3JNlB7GZCtVwcbu987IFsNUgvrQ.jpg

Қырчын шатқалында Қазақстан мен Қырғызстан ақындары арасындағы халықаралық айтыс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Үш күнге созылған өнер додасы 2 қыркүйекте басталып, 4 қыркүйекте қорытындыланды.

Айтыс VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған. 

Үш күн бойы ақындар сөз саптау шеберлігін, тапқырлығын және қобыз бен домбырада орындау өнерін көрсетті. Өнерпаздар өзара сөз қағыстырып, екі елдің тарихи байланысы, халықтар достығы, бүгінгі жетістіктері мен болашақ мақсаттарын жырлады.

Бас жүлдені қазақстандық Мейірбек Сұлтанхан мен қырғызстандық Элмирбек Иманалиев иеленді. Оларға 300 мың сом көлемінде сыйақы берілді.

Бірінші орынға Мұхтар Ниязов пен Нурсұлтан Малдыбаев лайық деп танылып, 250 мың сом алды.

Екінші орынды Хазірет Бердіхан мен Құтман Садыбақасов иеленді. Оларға 200 мың сом табысталды.

Үшінші орын Нұрлан Есенкулов пен Ақматбек Сұлтан уулуна бұйырып, 150 мың сом көлемінде сыйақы алды.

Басқа қатысушыларға да ақшалай сыйлықтар берілді. Айтыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион сомды құрады

Комментарии