Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеге жетті

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lHjg8TPJpoKhCc4fF90XJU30H319kknQ4eSz3ij9.jpg

Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін есептемегенде, орташа жалақы бір тоқсан ішінде 5,4 пайызға өскен.

Ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында тіркелді – 673 656 теңге. Одан кейін Астана (647 920 теңге) мен Атырау облысы (631 555 теңге) тұр.

Алматыда орташа айлық жалақы 610 371 теңге болса, Шымкентте бұл көрсеткіш 377 710 теңгені құрады.

Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында – 363 123 теңге. Түркістан облысында көрсеткіш 370 964, Жамбыл облысында 375 456, ал Жетісу облысында 377 798 теңге болды.

Сонымен қатар, 2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы медианалық жалақы 348 415 теңгені құрады. Яғни еңбек нарығындағы жалақы деңгейінің орталық көрсеткіші осы соманы көрсетті.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың төртінші тоқсанында елдегі орташа жалақы 473 158 теңге, ал медианалық жалақы 339 912 теңге болған.

Комментарии