Трамп Иранға қатаң жауап беретінін айтты – БАҚ

62
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның америкалық нысандарға жасаған соққысынан кейін жауап беретінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Foxnews-қа сілтеп.

«Біз оларға қуатты соққы береміз. Жауап болады», – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ 30 тамызда Ормұз бұғазындағы Ларак аралында орналасқан Иранның екі зымыран қондырғысына соққы жасаған. АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, операция Ормұз бұғазын миналауға жол бермеу мақсатында жүргізілген.

Бұған жауап ретінде Иран кемінде сегіз баллистикалық зымыранды Иорданиядағы америкалық әскери нысандарға бағыттаған. Трамптың айтуынша, АҚШ олардың біреуінен басқасын атып түсірген.

Қақтығыстар соғыс басталғаннан кейінгі алтыншы айда қайта күшейді.

Комментарии