Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QVEtWZ0i8N4EdVxkSU0FJel9GnJqHlwsfTejqHtC.jpg

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды, деп хабарлайды "Адырна".

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.

Бұған дейін «Әділет» партиясының жетекшісі Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланған болатын.

Комментарии