Ресей алғаш рет Түркиядан бензин сатып алды

355
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/38FkMEWiQBYlnZqKSmZiC0N3bVPle1Bd7qdZD7BK.jpg

Ресей алғаш рет ұзақ жылдар бойы өзі мұнай мен жанармай жеткізіп келген Түркиядан бензин сатып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Коммерсант» басылымына сілтеме жасап.

50 мың тоннаға дейін бензин тиелген алғашқы танкер тамыз айының соңына дейін Балтық теңізіндегі порттардың біріне жетуі тиіс. Жанармайды Еуроодақ, Ұлыбритания және Швейцария санкция салған Wendrix танкері тасымалдауда. Кеме Түркияның Мерсин портында жүк артқан.

Бұл шілде айынан бергі бензиннің бесінші импорттық жеткізілімі болып отыр. Тамыз айының басында Үндістаннан шыққан алғашқы танкер Мурманск портына келіп жеткен. Ол «Роснефть» компаниясына жартылай тиесілі Vadinar мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген.

Сондай-ақ Ресей Мароккодан да бензин сатып алған. Алайда оның нақты қайдан жеткізілгені белгісіз күйінде қалып отыр. Себебі бұл елдегі жалғыз мұнай өңдеу зауыты 2015 жылы жабылған.

Комментарии