Парламентте энергетикалық дағдарыс талқыланып жатқанда жарық сөнді

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/p9USqyByhFnxg7TmVjPTiT388Dsmc9LLOpSMKTvm.webp

Иран парламентіндегі энергетика комитетінің отырысы кезінде елдегі энергиямен қамту мәселелері талқыланып жатқанда электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Iran Internayional-ға сілтеп.

Оқиға энергетикалық дағдарысқа арналған жиын барысында болған. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен электр энергетикасы саласының мамандары қатысты. Жиында елдегі электр қуатының соңғы кездегі үзілістерінің себептері және халық пен өнеркәсіпті тұрақты энергиямен қамтамасыз ету шаралары қаралды.

Алайда талқылау кезінде парламент ғимаратында электр жарығы сөніп, отырысқа кедергі келді. 

Fars агенттігінің мәліметінше, электр қуатының өшуі жоспарлы болған. Электр энергиясы екі сағатқа ажыратылған. Агенттік хабарлағандай, жиынға мұнай және энергетика министрліктері басшыларының орынбасарлары да қатысты.

Комментарии