Қоғам белсендісі, «Жаңғыру» ұлттық-өркендеу орталығының төрағасы Дәурен Сатыбалдыұлы "Адырнаның" Ютуб арнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында Дәурен Сатыбалдыұлы соғыстан кейінгі жылдардағы балалардың ойындарын да еске алды. Ол кезде балалардың қарапайым заттарды ойыншық ретінде пайдаланып, шыбыққа мініп, ат қылып ойнағанын айтты.
Сұхбатта Дәурен Сатыбалдының студенттік жылдары, университетке түсуі және сол кезеңдегі қиындықтары сөз болды. Сонымен қатар ол Иеменге жасаған сапары туралы әңгімелеп, қоғамдық қызметке қалай келгенін баяндады.
Дәурен Сатыбалдыұлы туралы мақаланы adyrna.kz сайтынан оқи аласыз.
Новости по теме
