Иранның қорғаныс өнеркәсібі соңғы бір жылда әскери техника мен қару-жарақ өндірісінің қарқынын екі есеге арттырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі caliber-ге сілтеп.
Бұл туралы Иран қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал Реза Талаи-Ник хабарлады.
Оның айтуынша, 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы шілдеге дейінгі аралықта елдегі қорғаныс қару-жарағын өндіру қарқыны бұған дейінгі кезеңдегі көрсеткіштен екі есе жоғары болған.
«Өткен бір жыл ішінде, яғни 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы шілдеге дейін елде қорғаныс қару-жарағын өндіру қарқыны осы кезеңге дейінгі әскери техника мен қару-жарақ өндірісінің қарқынынан екі есе жоғары болды», – деді Реза Талаи-Ник.
Новости по теме
