Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп забарлайды "Адырна".
Финалда әлемдік рейтингте 738-орында тұрған Соня Жиенбаева WTA рейтингінің 442-сатысындағы болгариялық Изабелла Шиниковамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матч қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 7:6 (7:2), 3:6, 6:1. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді.
Осылайша, Соня Жиенбаева мансабында алғаш рет World Tennis W75 деңгейіндегі турнирдің чемпионы атанды.
Новости по теме
В Турции в городе Стамбул состоялась встреча вице-министра туризма и спорта Казахстана Серика Жарасбаева
