Маңғыстау облысында құтқарушылар теңізде ағысқа ілесіп кеткен 22 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға Жаңаөзен қаласынан 71 шақырым жердегі «Кендірлі» демалыс аймағында болған. 2004 жылы туған қыз демалып жүрген кезде үрлемелі жүзу шеңберімен жағадан шамамен 200 метр қашықтыққа ағып кеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарылған азаматшаға медициналық көмек қажет болмаған. Ведомство демалушыларды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және желді ауа райында үрлемелі жүзу құралдарын пайдаланғанда ерекше сақ болуға шақырды.
Новости по теме
