Әзербайжан әліпби мен тіл күнін атап өтеді

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nhiWoyJf0j0kKH7nGOd9a7A0yzIXdzgQgZTrvhvt.webp

1 тамызда Әзербайжанда Әзербайжан әліпбиі мен тілі күні атап өтіледі, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Report-қа сілтеп.

Бұл атаулы күн 2001 жылғы 9 тамызда Гейдар Әлиевтің жарлығымен бекітілген.

2001 жылдың тамыз айында елде латын графикасына негізделген әзербайжан әліпбиіне көшу толық аяқталды. Жаңа әліпбидің енгізілуі тәуелсіз Әзербайжанның қоғамдық-саяси өмірі мен ұлттық жазба мәдениеті тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағаланады.

Әзербайжан тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі 1978 жылы жасалды. Сол кезде Әзербайжан КСР Конституциясына республиканың мемлекеттік тілі ретінде әзербайжан тілінің мәртебесін бекітетін өзгеріс енгізілді.

Кейін Гейдар Әлиев мемлекеттік тілді қолдануды жетілдіруге бағытталған бірқатар жарлықтарға қол қойды. Ал 2003 жылы «Әзербайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» заң күшіне еніп, мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттары айқындалды.

Президент Ильхам Әлиев бұл саясатты жалғастырып, әзербайжан тіліндегі кітаптарды латын қарпімен жаппай басып шығаруға, ұлттық энциклопедияны әзірлеуге және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын әзербайжан тілінде жариялауға бағытталған шешімдер қабылдады.

Сондай-ақ 2013 жылы әзербайжан тілін жаһандану талаптарына сай дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілсе, 2018 жылы мемлекеттік тілдің қолданысын жетілдіру және әзербайжан тілінің тазалығын сақтау жөніндегі қосымша шаралар қабылданды.

Комментарии