«Қазгидромет» РМК 31 шілдеге арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы қаласында, ал түнгі уақытта Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық құбылыстардың жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлап, зиянды заттардың мөлшері артуы ықтимал.
Новости по теме
