Қайрат Нұртас, Orda, 91 тобының бірқатар әндерінің авторы өмірден өтті

73
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UKejeW3Zytnfwu5CaXVzq5uv60tTDWgSNKU29eT1.webp

Отандық музыка саласына елеулі үлес қосқан сазгер, көптеген танымал әндердің авторы Сержан Бақытжанұлы өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қайғылы хабарды оның жақындары мен әріптестері растады.

Сержан Бақытжанұлы Orda және Ninety One тобының, әнші Қайрат Нұртастың репертуарындағы бірқатар танымал шығармалардың авторы ретінде белгілі.

Композитордың қаламынан Orda тобының «Қиын заман», «Ғашықсың ба?», «Жауап бер», «Тағдыр» әндері, Ninety One тобының бірнеше туындысы және Қайрат Нұртастың орындауындағы «Көк аспан» әні дүниеге келген.

Әнші Қайрат Нұртас марқұммен қоштасып, әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айту жазбасын жариялады. Ол Сержан Бақытжанұлын жақын досы, әріптесі әрі сырласы деп атап, композитордың шығармалары халық жадында сақталатынын жеткізді.

«Сенің әндерің халықтың жүрегінде мәңгі қалады» деген Қайрат Нұртас марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

 

 

Комментарии