Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы матчында гол соқты

205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nxRJQUhl3JGWEclWeD0APUhiB1xny0vbkSUA9y31.jpg

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы матчында гол соқты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуді алғашқы минуттардан бастады. Лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо жас футболшыны негізгі құрамға шығарды.

Сәтбаев кездесудің 7-минутында қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, «Челси» мен «Вестерн Сидней Уондерерс» арасындағы матч Сидней қаласындағы Accor Stadium стадионында клубтың Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтіп жатыр.

Комментарии