Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін бекітті. Жаңа шектеулер тізіміне Қазақстан мен Қырғызстандағы бірқатар компания енгізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.
Брюссельдің мәлімдеуінше, бұл шаралар ЕО-ның қолданыстағы санкцияларын айналып өту үшін пайдаланылуы мүмкін қаржылық және сауда арналарының жолын кесуге бағытталған.
Санкциялар тізіміне жалпы саны 48 жеке тұлға мен 170 ұйым енгізілген. Сондай-ақ қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологияларға қатысты экспорттық бақылауды күшейтуді көздейтін арнайы тізімге тағы 51 компания қосылған. Олардың қатарында қазақстандық TauKZ LLP және KBR-Technologies LLP компаниялары, сондай-ақ Бішкекте тіркелген Nova Proekt LLC, Rama Group LLC және Shisan Ltd ұйымдары бар.
Аталған тізімге енгізілу бұл компанияларға Еуроодақ елдерінен сезімтал тауарлар мен технологияларды жеткізу тек ерекше жағдайларда ғана мүмкін болатынын білдіреді. Шектеулер техникалық және қаржылық қызметтерге де қолданылады. Алайда бұл шаралар компаниялардың активтерін автоматты түрде бұғаттауды қарастырмайды.
Бұдан бөлек, Еуропалық одақ Қырғызстандағы EcoIslamicBank банкімен операциялар жүргізуге тыйым салды. ЕО бұл банктің SWIFT жүйесіне балама ретінде құрылған Ресейдің Қаржылық хабарламалар беру жүйесімен байланысы бар екенін мәлімдеді.
Аталған шектеулер 13 тамыздан бастап күшіне енбек.
В Актау с помощью Telegram-чат-канала «Акимат Мангистауской области» решается вопрос по вывозу мусорных свалок
