Магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CcYZaL0OReExZBpLtnp5zLRqJvSYiDJ5nSDCnwjn.jpg

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) магистратураға түсушілерге 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Күнтізбеге сәйкес:

  • Кешенді тестілеу – 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініш қабылдау – 12-18 тамыз;
  • Ақылы негізде оқуға құжат қабылдау – 15-28 тамыз;
  • Грант иегерлерінің тізімін жариялау – 25 тамызға дейін;

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) қабылдау – 28 тамызға дейін.

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді "2026–2027 оқу жылына арналған қабылдаудың маңызды мерзімдерін өткізіп алмаңыздар" деп ескертті.

Сондай-ақ талапкерлер өзекті ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан қадағалап жүргені жөн.

Комментарии