Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Команда финалда Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, 16 жылдан кейін қайтадан әлем чемпионы атанды.
Шешуші кездесу 19 шілде күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионында өтті. Матчтың негізгі уақыты голсыз аяқталды. Негізгі уақытқа қосылған минуттарда Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Жеңіс голы қосымша уақытта соғылды. Нико Уильямстың баспен берген пасынан кейін Ферран Торрес қақпаға соққы жасады.
Финал алдында бұл матч 19 жастағы Ламин Ямаль мен 39 жастағы Лионель Мессидің «ұрпақтар текетіресі» ретінде бағаланған еді.
Осы жеңістен кейін Испания құрамасы қатарынан 38 матч бойы жеңілмей, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұған дейін испандар әлем чемпионы атағын тек 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен мундиалда жеңіп алған.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Турнир барысында барлығы 104 матч ұйымдастырылды.
Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов ознакомился с ходом строительства важных объектов в Кокшетау
